В
Құпиялылық, дербес деректерді қорғау және өңдеу, cookies файлдарын пайдалану саясаты
В
1. Жалпы ережелер.
2. Ұйымның cookies файлдарына қатысты саясаты.
3. Веб-сайттың қауіпсіздігі.
4. Ұйыммен жиналатын дербес деректер.
5. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері мен мақсаттары.
6. Ұйымның Дербес деректермен жүзеге асыратын операциялары.
7. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары.
8. Дербес деректерді өңдеуді тиісті дәрежеде ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
9. Дербес деректерді өңдеу шарттары.
10. Дербес деректерді табыстау және ашу.
11. Ұйымға Келушілердің құқықтары.
12. Қорытынды ережелер.
В
В
1. Жалпы ережелер.
1.1. Осы құпиялылық, дербес деректерді қорғау және өңдеу, cookies файлдарын пайдалану саясаты (бұдан әрі – «Саясат») «Tennisi.kz» виртуалды букмекерлік кеңсе сайтына Келушілердің дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау, қорғаудың, сондай-ақ «Адал Ойын» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің https://www.tennisi.kz ресми сайтындағы интернет-сервистердің функционалын пайдалана отырып, cookies файлдарының көмегімен деректерді өңдеудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды (бұдан әрі – «Ұйым»).
1.2. Саясаттың мақсаты сайтқа Келушілерге тиісті дәрежеде қызмет көрсету, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және дербес деректерді өңдеу кезінде, Келушілермен қарым-қатынас жасау, хабарлар мен хабарламалар жіберу, қызметтерді ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыру, жарнамалық және маркетингтік қызметтің жұмысы мен тиімділігін талдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау болып табылады.
1.3. Саясат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Ұйымның дербес деректерін өңдеуге қолданылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес әзірленді.
1.4. Дербес деректерді қорғау жөніндегі ұйымдық құрылымға Ұйымның Директоры, ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды тұлға, сонымен қатар Ұйымның дербес деректерді өңдеу жөніндегі іс-әрекеттерді тікелей жасайтын қызметкерлері енгізіледі. Ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды тұлғаның құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және жұмысын бағалау оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес айқындалады.
1.5. Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен, Қазақстан Республикасының да, сондай-ақ шет мемлекеттердің де шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өзінің дербес деректерін жинаумен, өңдеумен және ұсынумен, cookies файлдарын пайдаланумен, хабарламалар, таратылымдар алумен келіседі, бұл электрондық пошта мекен-жайына SMS-хабарлама немесе хабарлама алғаннан кейін кодты енгізуден кейін Ұйымның https://www.tennisi.kz сайтында тіркеуден өтумен, сәйкестендіру рәсімдерінен өтумен, сондай-ақ жеке кабинетке кіру және мөлшерлемелер жасау, ойын шотын толтыру және қаражатты шығару (ойнамаған мөлшерлемелерді қайтару) үшін логин мен парольді кейіннен енгізумен расталады.
1.6. Келуші жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, Ұйымға тиісті өтінішін жолдау арқылы осы Саясаттың 1.5. т. белгіленген тәртіппен берілген өз келісімін кері қайтарып алуға құқылы.
2. Ұйымның cookies файлдарына қатысты саясаты.
2.1. Ұйым техникалық және маркетингтік, өзінің жеке және үшінші тарап компаниялардың cookies файлдарын пайдаланады.
2.2. Сайтқа Келушілер ондағы беттерді қараған жағдайда cookies файлдарына қатысты осы Саясаттың шарттарын қабылдайды.
2.3. Егер Сайтқа Келуші Ұйымның осы файл түрін қолданғанымен келіспесе, онда мұндай Келуші өз браузерінің параметрлерін өз бетінше тиісті жолмен орнатуы немесе Сайтқа (оның беттерін қарамауы) кірмеуі тиіс.
2.4. Егер сайтқа Келуші Ұйым қолданатын cookies файлдарын қолдауды өшірсе, бұл Сайттың беттерін қарау және пайдалану мүмкіндіктеріне әсер етуі мүмкін.
2.5. Сайтқа Келуші Сайтқа кіру үшін пайдаланатын жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің cookies файлдарымен (кез-келген сайттар үшін немесе белгілі бір сайттар үшін) операцияларға тыйым салу, сондай-ақ бұрын алынған cookies файлдарын жою мүмкіндігі болуы мүмкін екенін түсінеді. Көптеген интернет-браузерлер бастапқыда cookies-ті автоматты түрде қабылдауға бапталған. Сайтқа Келуші cookies-ті бұғаттайтын немесе осы типтегі файлдар құрылғыға қашан жіберілетіні туралы ескертулер алатын параметрлерді өз бетінше өзгерте алады. Сайтқа Келуші оның баптауын қалай түзетуге немесе өзгертуге болатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін браузердің нұсқаулығына жүгіне алады.
2.6. Сайтқа Келуші Сайтты қарау және оған кіру үшін әртүрлі құрылғыларды қолдана алады (мысалы, компьютер, планшет, смартфон және т.б.). Сайтқа Келуші пайдаланылған әрбір құрылғыдағы әрбір браузердің cookies файлдарымен жұмыс істеуге қатысты Сайтқа Келушінің позициясына сәйкес бапталғанына көз жеткізуі тиіс.
2.7. Сайтқа Келуші өз браузерінің нұсқаулықтарына сәйкес тиісті бұғаттаушыларды орнату арқылы аналитикалық қызметтерді бұғаттай алады.
2.8. Ұйым Сайтты пайдалануды Келушілер үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және қауіпсіз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
3. Веб-сайттың қауіпсіздігі.
3.1. Ұйым Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және рұқсатсыз кіруден қорғау үшін Сайтқа Келушілердің IP-мекен-жайларын таниды және тіркейді.
4. Ұйыммен жиналатын дербес деректер.
4.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұйым сайтта тіркеу, сәйкестендіру және аутентификациялау кезінде Келуші туралы дербес деректерді жинауға міндетті. Мұндай деректер, басқалармен қатар, келесілерді қамтиды: Т. А. Ә., туған жері, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен нөмірі, тұрғылықты (тіркелген) немесе тұрған жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, бөлімшенің нөмірі, ЖСН, көші-қон картасының деректері (атап айтқанда нөмірі, болу мерзімінің басталу күні және болу мерзімінің аяқталу күні), шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректері (атап айтқанда, құжаттың сериясы мен нөмірі, болу мерзімінің басталу күні және шетелдік адамның немесе азаматтығы жоқ адамның болу мерзімінің аяқталу күні), байланыс телефон нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы және Келушімен құқықтық қатынастар шеңберінде Ұйыммен алынуы мүмкін өзге де Дербес деректер.
4.2. Ұйым дербес деректерден басқа келесі деректерді жинай алады:
- Алынған және пайдаланылған бонустар туралы мәліметтер;
- Келушінің өзін-өзі шектеу туралы өтініштері, сондай-ақ ойын мекемелеріне, виртуалды ойын мекемелеріне баруға және құмар ойындарға қатысуға шектелген адамдардың тізбесіне енгізу туралы мәліметтер;
- Бірегей құрылғы сәйкестендіргіші сияқты құрылғы туралы мәліметтер;
- Мөлшерлемелерді орналастыру сессияларының ұзақтығын, орналасқан жері туралы деректерді, сервер логтарын және сайтты пайдаланудың басқа статистикасын қамтитын Ұйымның сайтына кіру тарихы;
- Келуші кірген және қараған беттер мен контент, Ұйымның веб-сайтына кірген кезде пайдаланған сілтемелер, батырмалар және URL-мекен-жайлары;
- Келушінің мөлшерлемелерді орналастыруы (жүзеге асыруы), шотты толықтыруы, қаражатты шығаруы (ойнатылмаған мөлшерлемелерді қайтаруы), ойын шотын пайдалана отырып, өзге де операцияларды жасауы туралы ақпарат - бұл әрекеттерді Ұйым сайтты және көрсетілетін Қызметтерді жетілдіру мақсатында үнемі талдап отырады;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында кез келген басқа ақпарат пен құжаттама. Мөлшерлемелерді орналастыру немесе кеңес алу мақсатында қолдау қызметіне жүгінген кезде Келуші пайдаланатын телефон арқылы сөйлесулердің жазбалары және онлайн-чаттағы хабарламалар;
- Ұйымның әлеуметтік желілердегі сайттарындағы, мысалы, чат арналарындағы, хабарландыру тақталары мен профильдердегі ақпарат пен хабарламалар, сондай-ақ әкімшілермен және басқа Келушілермен хат алмасу.
4.3. Егер Келуші бұрын ұсынылған дербес деректерге өзгерістер (толықтырулар) енгізгісі келсе, ол жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, тиісті жазбаша өтінішпен жүгінуі қажет.
5. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері мен мақсаттары.
5.1. Ұйым Келушілердің Дербес деректерін тек заңды негіздерде, атап айтқанда Дербес деректердің белгілі бір санатына қолданылатын келесі негіздердің бірі бойынша өңдейді:
- Келуші өзінің Дербес деректерін өңдеуге ерікті, ақпараттандырылған, нақты және саналы келісім берген кезде;
- Дербес деректерді өңдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Ұйымға жүктелген міндеттерді орындауға байланысты қажет болған кезде;
- Дербес деректерді өңдеу Ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру үшін қажет болған кезде, мұндай өңдеу кезінде Келушінің Дербес деректер субъектісі ретіндегі құқықтары бұзылмаса және мұндай өңдеу Келушінің Дербес деректер субъектісі ретіндегі негізгі заңды мүдделеріне, құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмаған кезде;
- Дербес деректерді өңдеу тарапы немесе Келуші болып табылатын пайда алушы болып табылатын шартты орындау үшін, сондай-ақ Келушінің бастамасы бойынша шарт немесе Келуші пайда алушы болып табылатын шарт жасасу үшін қажет болған кезде.
5.2. Ұйым Келуші туралы Дербес деректерді жинауды және өңдеуді келесі мақсаттарда жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Келушіні тіркеу және сәйкестендіру;
- Ұйымға қолданыстағы заңнамамен жүктелген функцияларды, өкілеттіктер мен міндеттерді жүзеге асыру және орындау;
- Келушілердің өтініштерін жүзеге асыру, телефон арқылы байланысты қолдау, жаңалықтар, іс-шаралар, акциялар, оларды өткізу нәтижелері туралы хабарлау үшін SMS-хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберу;
- Келушілермен жасалған шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру, сондай-ақ Келушінің бастамасы бойынша шарт жасасу;
- Ұйым ұсынатын қызметтер туралы пікірді зерделеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтық және өзге де заңдық қызметке қарсы іс-қимыл жасау, Келушілерге ақпараттық сипаттағы хабарламалар жіберу үшін Келушінің Жеке кабинетінде жасалатын іс-әрекеттер туралы ақпарат алу мақсатында сауалнамалар жүргізу;
- мөлшерлемелердің, интерактивті мөлшерлемелердің, олар бойынша ұтыстардың аударымдарын есепке алу;
- спорттық жарыстардың нәтижелеріне заңсыз әсер етудің алдын алу;
- Ұйымның Сайты мен Мобильді қосымшасының жұмысын, сондай-ақ Ұйым ұсынатын қызметтердің сапасын жақсарту.
6. Ұйымның Дербес деректермен жүзеге асыратын операциялары.
6.1. Ұйым Дербес деректерді автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілдермен (аралас өңдеу) жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Дербес деректерді өңдеу барысында Ұйым келемі операцияларды жүзеге асырады: жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану, табыстау (беру, қол жеткізу), бұғаттау, алып тастау, жою.
7. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары.
7.1. Заңдылық, әділдік және ашықтық қағидаты. Ұйымдағы Дербес деректер Келуші үшін заңды негізде, әділ жолмен және ашық түрде өңделуі тиіс.
7.2. Мақсатты шектеу қағидаты. Ұйымдағы Дербес деректер белгілі бір, айқын және заңды мақсаттар үшін жиналуы тиіс және болашақта осы мақсаттарға сәйкес келмейтін тәсілдермен өңделмеуі тиіс.
7.3. Деректерді минимизациялау қағидаты. Дербес деректерді жинау мәлімделген өңдеу мақсаттары үшін қажетті шектермен шектелуі тиіс.
7.4. Дәлдік қағидаты. Ұйымдағы функционалдық мүмкіндіктер шегінде жиналған дербес деректердің дұрыстығы мен өзектілігі сақталуы тиіс. Ұйымда жиналуы мәлімделген өңдеу мақсаттарына сәйкес келмейтін дербес деректерді, және (немесе) бұдан әрі анық және өзекті болып табылмайтын дербес деректерді уақтылы жою немесе түзету үшін негізделген шаралар қабылдануы тиіс.
7.5. Сақтауды шектеу принципі. Ұйымдағы Дербес деректер мәлімделген өңдеу мақсаттарын іске асыру үшін қажетті мерзім ішінде Келушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда сақталуы тиіс.
7.6. Тұтастық және құпиялылық қағидаты. Ұйымдағы Дербес деректер дербес дерестердің қауіпсіздігін және олардың рұқсатсыз және заңсыз өңдеуден, жоғалтудан, зақымданудан, жоюдан қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдермен, сондай-ақ техникалық және ұйымдастырушылық қорғаудың тиісті шараларын пайдалана отырып өңделуі тиіс.
7.7. Есептілік қағидаты. Ұйымдағы Дербес деректер Саясаттың 7.1. -7.6. тармақтарында көрсетілген қағидаттардың сақталуын растау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тәсілдермен өңделуі тиіс.
8. Дербес деректерді өңдеуді тиісті дәрежеде ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
8.1. Ұйым Дербес деректерді өңдеу кезінде оларды заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан, сондай-ақ оларға қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады.
Ұйым Дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және Дербес деректерге заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізудің жолын кесу, оларды жою, өзгерту, бұғаттау, көшіру, беру, тарату үшін, сондай-ақ дербес Деректерге қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден жеткілікті техникалық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар, оның ішінде келесі шараларды қолданады:
- Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны тағайындау;
- «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерге, Дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарға, жергілікті актілерге сәйкес Дербес деректерді өңдеудің ішкі бақылауын және/немесе сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
- Дербес деректерді өңдеуді тікелей жүзеге асыратын ұйым қызметкерлерін Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының ережелерімен, оның ішінде дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптармен, дербес деректерді өңдеуге және/немесе көрсетілген қызметкерлерді оқытуға қатысты жергілікті актілермен таныстыру;
- дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде оларды өңдеу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау;
- дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде оларды өңдеу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдану;
- дербес деректердің ақпараттық жүйесін пайдалануға беруге дейін дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау;
- дербес деректердің машиналық тасымалдаушыларын есепке алу;
- дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін анықтау және тиісті шаралар қабылдау;
- оларға рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген немесе жойылған дербес деректерді қалпына келтіру;
- дербес деректердің ақпараттық жүйесінде өңделетін дербес деректерге қол жеткізу қағидаларын белгілеу, сондай-ақ дербес деректердің ақпараттық жүйесінде дербес деректермен жасалатын барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;
- дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларды бақылау;
Көрсетілген шараларды Ұйым техниканың замануи деңгейін, оларды іске асыру құнын және Ұйымның осы шараларды енгізу жөніндегі тиісті мүмкіндіктерін, сондай-ақ Келушілердің операциялары мен өңделетін дербес деректерінің сипатына байланысты тәуекелдерді ескере отырып, жүзеге асырады.
9. Дербес деректерді өңдеу шарттары.
9.1. Келушінің дербес деректері иесіздендірілген жағдайда, Ұйым оларды кез келген өзге мақсатта пайдалана алады.
9.2. Сервистерге Келушілер ұсынылған есептік деректердің дұрыстығына, құпиясөздердің және авторизациялау үшін қажетті өзге де ақпараттың сақталуына, және оларды үшінші тұлғалардың қол жеткізуінен қорғауға өз мүмкіндіктері шегінде жауапкершілік көтереді.
9.3. Егер Келушінің дербес деректері үшінші тарапқа табысталатын болса, онда оларды сақтау уақыты осындай үшінші тараптың құпиялылық саясатына сәйкес айқындалатын болады. Ұйым үшінші тарапқа Келушінің дербес деректерін жоюды Келуші сұраған жағдайда Келушінің дербес деректерін жою қажеттілігі туралы хабарлауға міндетті.
9.4. Осы Саясат шеңберінде жиналатын және өңделетін кез келген дербес деректер келесі сәттерге дейін тиісті дәрежеде қорғалуы тиіс:
- Келуші Ұйымға оларды жария етуге келісім берген кезде;
- дербес деректерді иесіздендіру;
- қолданылатын құқыққа сәйкес ақпаратты ашу сәтіне дейін.
9.5. Ұйым Келушілердің дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шараларды қолданады.
10. Дербес деректерді табыстау және ашу.
10.1. Ұйым Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына байланысты дербес деректерді табыстай алатын үшінші тұлғалардың және мемлекеттік органдардың тізбесі:
- букмекерлік кеңселерде және тотализаторларда құмар ойындарға қатысушыларды есепке алу деректерін беру мақсатында құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органына;
10.2. Келушінің дербес деректерін ашу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде азаматтық-процестік және қылмыстық-процестік немесе мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша міндетті болуы мүмкін. Келушінің дербес деректерін ашу, егер бұл Ұлттық қауіпсіздік, Ұйымның және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында немесе өзге де қоғамдық маңызды мақсаттарда қажет болған жағдайда да жүзеге асырылатын болады.
11. Ұйымға Келушілердің құқықтары.
11.1. Келушілердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге қатысты құқықтары қолданылатын құқыққа сәйкес айқындалады.
11.2. Келушінің келесі құқықтары бар:
- Ұйыммен өңделетін Келушінің дербес деректеріне қол жеткізу, яғни Ұйыммен өңделетін Келушінің дербес деректері туралы мәліметтерді, оның ішінде мынадай ақпаратты алу құқығы:
- Дербес деректерді өңдеу фактісін растау туралы;
- Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері мен мақсаттары туралы;
- Дербес деректерді өңдеу тәсілдері туралы;
- Келушінің Ұйыммен өңделетін дербес деректері туралы;
- Келуші туралы Дербес деректердің өңделу және сақталу мерзімдері туралы;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компаниямен ұсынылуы үшін міндетті өзге де ақпарат.
- дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қайтарып алу;
- дербес деректерді өңдеу туралы ақпарат алу;
11.3. 11.2. т. көрсетілген құқықтарды, Келушіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдік берілген кез келген өзге де құқықтарды іске асыру үшін, сонымен қатар оларды іске асырудың рұқсат етілген көлемін нақтылау үшін Келуші Ұйымның орналасқан жері бойынша тиісті өтінімді қағаз тасымалдаушыда жолдауы қажет. Өтініште келесі қамтылуы тиіс: Келушінің тегі, жеке аты, әкесінің аты (бар болса), оның тұрғылықты жерінің мекен-жайы, туған күні, жеке басын куәландыратын құжатта қамтылған жеке сәйкестендіру нөмірі, талаптың мәні, жеке қолтаңбасы. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілуі қажет. Ұйым оның сұрауы бойынша қандай да бір құқықтарды іске асырмас бұрын Келушінің жеке басының түпнұсқалығын тексеру (қайта сәйкестендіру) құқығын өзіне қалдырады. Ұйым сонымен қатар Ұйым осы Саясаттың 11.2. т. көрсетілген құқықтардың кез келгенін жүзеге асыра алмайтын немесе қандай да бір ақпарат бере алмайтын жағдайларда, Келушіге себептерін түсіндіруі керек.
12. Қорытынды ережелер.
12.1. Келуші Дербес деректерді өңдеуге берген өз келісімін қайтарып алуға және Сайтта немесе Мобильді қосымшада көзделген функционалдық мүмкіндіктердің көмегімен Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу жолымен өзі туралы Дербес деректерді жоюға, немесе Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтінішпен Ұйымның заңды мекен-жайына жазуға құқылы.
Мұндай жағдайда Ұйым қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір мерзім ішінде өңдеуге міндетті Дербес деректерді қоспағанда, Келушінің барлық дербес деректері Келушінің Сайттың, Мобильді қосымшаның функционалдық мүмкіндіктері арқылы Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу туралы өтінішін алған немесе Ұйымның пошта байланысы арқылы өтінішін алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде жойылады.
12.2. Ұйым Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан деректер базаларын пайдалана отырып, Келушілер туралы дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды жүзеге асырады.
12.3. Осы Саясат «Tennisi.kz» виртуалды букмекерлік кеңсе Сервистерінің кез келген жұмыс уақытында толықтырылуы және (немесе) өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген жағдайда Сервистерде Саясаттың жаңа редакциясы және оның қабылданған күні орналастырыла отырып, тиісті тақырыпқа хабарлама түріндегі ақпараттық мақала орналастырылуы тиіс. Саясаттың жаңа шарттарымен танысу Сервистерге Келушінің міндеті болып табылады.
12.4. Саясат Сервистерді пайдалануға қатысты Ұйым мен Келуші арасындағы келісімді білдіреді, осымен осындай пайдалануға қатысты бұрын болған кез келген басқа жазбаша немесе ауызша келісімдер немесе уағдаластықтар жойылады.
12.5. Егер Саясаттың қандай да бір шарты жарамсыз немесе орындалмайтын болып табылса, өзге шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген толық көлемде жарамды және орындалатын болып қалады.
12.6. Келушіні Саясатты қатаң сақтауға мәжбүрлеудің мүмкін еместігі Ұйымның осы Саясаттың кез келген ережесінен бас тартуы ретінде түсіндірілмейді.
12.7. Осы Саясатқа қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады. Ұйымның орналасқан жері бойынша орналасқан тиісті сот Саясаттан туындайтын немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді, дауларды қараудың айрықша құзыретін иеленеді.