Сәйкестендіру
В
Сәйкестендіру - «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219-III Заңына сәйкес айқындалған пайдаланушының жеке басын анықтау және құжаттардың түпнұсқаларын, жеке басын тексерудің биометриялық әдістерін және (немесе) мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ол туралы мәліметтердің дұрыстығын растау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
Сәйкестендіруден қалай өтуге болады
Екі нұсқаның болуы ықтимал:
1. Жылдам сәйкестендіру
Егер сіз NomaPay-де бұрын сәйкестендіруден өткен болсаңыз, деректер автоматты түрде жүктеледі - қосымша ештеңе енгізудің қажеті жоқ. Сіз бірден сәйкестендірілген пайдаланушы боласыз.
2. Толық сәйкестендіру
Егер сіз NomaPay-де әлі тіркелмеген болсаңыз, сізге бірнеше қадамдарды орындау қажет болады.
1 қадам. Телефон нөмірін растау
Сіздің нөміріңізге NomaPay-ден СМС-код келеді. Оны енгізіңіз — осылайша сіз нөмірдің өзіңізге тиесілі екенін растайсыз, және сіз үшін төлем ұйымында есептік жазба автоматты түрде құрылатын болады.
2 қадам. Деректерді толтыру
Көрсетіңіз:
— ЖСН;
— жұмыс орныңыз;
— лауазымыңыз.
Бұл деректер заңнама талаптарын орындау үшін қажет.
3 қадам. Бейнесәйкестендіру
Жеке басыңызды растау үшін қысқа бейнетексерістен (liveness-тексеріс) өтіңіз. Бұл стандартты қауіпсіздік процедурасы.
Нәтиже
Барлық қадамдарды сәтті аяқтағаннан кейін сіздің аккаунтыңыз мөлшерлемелер жасау үшін толығымен белсендірілетін болады.